banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

Мүгедектігі бар адамдар арасында ІІ қалалық Спартакиада өтті PDF Print E-mail
Автор: Administrator   
Tuesday, 30 October 2018 12:35

«Астана – рухы мықты адамдардың қаласы» бағдарламасы аясында Астана қаласында мүгедектігі бар адамдар арасында ІІ қалалық Спартакиада өткізілді. Спартакиадаға 200-ге жуық спортшы 8 спорт түрі бойынша қатысты, олар: пауэрлифтинг, голбол, отырып ойнау волейболы, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы және бочча. Жарыс ағымдағы жылдың 27 қазан күні Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында өтті. Жыл сайын өткізілетін Спартакиада Қазақстандағы мүгедектер күніне орай өткізіліп келеді. Өткен жылғы І қалалық Спартакиадаға 6 спорт түрі бойынша 100-ден астам мүгедек-спортшылар қатысқан болатын. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдар арасында осындай жарыстарға қатысуға ниет білдірушілер мен саны көбейіп келеді.

Спартакиаданың ашылу рәсімінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ашимбаев Маулен Сагатханович қатысты. ІІІ Пара Азия ойындарының пара жүзуден чемпионы және жүлдегері Далиев Сиязбек, пара жүзуден жүлдегер Ахметов Ануар, пара дзюдодан жүлдегерлер Арстанбеков Бауыржан және Шамей Ерғалиға «Нұр Отан» партиясы атынан алғыс хаттар табыстады.

Спартакиаданы Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, «Мир равных возможностей» мүгедектігі бар балалардың ата-аналар қоғамы, «Бочча» Паралимпиадалық спорт түрі Федерациясы және Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубы және Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, медалдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

30.10.2018_1_1.jpg

30.10.2018_1_2.jpg

30.10.2018_1_3.jpg

30.10.2018_1_4.jpg

30.10.2018_1_5.jpg

30.10.2018_1_6.jpg

30.10.2018_1_7.jpg

30.10.2018_1_8.jpg

30.10.2018_1_9.jpg

30.10.2018_1_10.jpg

30.10.2018_1_11.jpg

30.10.2018_1_12.jpg

30.10.2018_1_13.jpg

30.10.2018_1_14.jpg

30.10.2018_1_15.jpg

30.10.2018_1_16.jpg

30.10.2018_1_17.jpg

30.10.2018_1_18.jpg

30.10.2018_1_19.jpg

30.10.2018_1_20.jpg

 

ENPF.jpg

 

  noc kz