banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

«Жігер» спорттық клубының 9 спортшысы ІІІ Пара Азия ойындарына қатысады PDF Print E-mail
Автор: Administrator   
Tuesday, 25 September 2018 13:20

Индонезияның астанасы Джакарта қаласында 6-13 қазан аралығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында III Пара Азия ойындары өтеді. Астана қаласының намысын «Жігер» спорттық клубының тірек-қимыл аппараты және есту мүшелері зақымданған спортшылар қорғайтын болады. Халықаралық жарыста елордалық 9 спортшы спорттың төрт түрінен сайысқа түседі:

Жеңіл атлетика - Болат Бейбарыс, (ТҚАЗ). Жеңіл атлетикадан жаттықтырушы - Латышенко Любовь Васильевна жеңіл атлетикадан спорт шебері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы.

Жүзу — Далиев Сиязбек (ТҚАЗ), Сутпаева Диана (көру), Уақпаев Әлібек (көру), Ахметов Ануар (көру), Елдекенов Ерлан (көру). Жаттықтырушы – Загородний Владимир Кириллович жүзуден ҚР еңбек сіңірген жаттытырушысы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы;

Сомдалу — Әуезова Мария (ТҚАЗ). Жаттықтырушы - Руденко Евгений Владимирович сомдалудан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы;

Дзюдо — Арыстанбеков Бауыржан (көру), Шамей Ерғали (көру). Дзюдодан жаттықтырушы – Оразов Даурен Оразович.

Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

1МАРИЯ АУЕЗОВА

АРЫСТАНБЕКОВ БАУРЖАН

АХМЕТОВ АНУАР

БОЛАТ БЕЙБАРЫС

ДАЛИЕВ СИЯЗБЕК

ЕЛДЕКЕНОВ ЕРЛАН

СУТПАЕВА ДИАНА

УАКПАЕВ АЛИБЕК

ШАМЕЙ ЕРГАЛИ 

Last Updated on Monday, 08 October 2018 11:17
 

 

  noc kz