banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

Асық атудан Халықаралық Турнир PDF Print E-mail
Автор: Administrator   
Tuesday, 18 September 2018 09:13

Арқалық қаласында 13-16 қыркүйек аралығында ұлттық спорт түрі асық атудан «Кейкі батыр» атындағы Амангелді ауданының 90 жылдығына арналған Халықаралық Турнир өтті. Турнирге барлығы 6 команда қатысты, олар Монғолия елінің командасы, Қостанай, Ақмола облыстарының, Амангелді ауданының және Астана қаласының екі командалары жеңіс үшін сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша «Жігер» спорттық клубының спортшылары жүлделі бірінші және екінші орындарды жеңіп алды. «Жігер» командасы  құрамында ойнаған Асанқұл Нұрбек, Бұланбай Аслан және Мыңтөре Нұрбақыт чемпион атанды. Күміс жүлдеге «Астана» командасының спортшылары Қайыпбеков Мырзамұрат, Молжігітов Нұрқанат және Рахметов Ескендір ие болды. Асық атудан жаттықтырушылар мен спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз!

18092018__1.jpg

18092018__2.jpg

18092018__3.jpg

18092018__4.jpg

18092018__5.jpg

18092018__6.jpg

 

 

  noc kz